Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Нұртаев Әнес 08.04.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Неге тамақ өнеркәсәбі нысандарын салу үшін, бұрынғы кеуіп қалған көлдерді суландыру үшін және дарияның жанында Совет Одағы кезінде салынған нысандарды мысалы балық өсіретін тоған қоршаған ортаны қорғау бөлімін жасауым керек және қоғамдық тыңдау жасауым керек? Ауылдан шыққан адамға бұл қиын емес пе? Қаладағы мекемелерді жалдауға біздің қалтамыз көтере ме? Бұларды мұнай және химия өнеркәсібімен салыструға, иә теңестіруге келмейді гой. Заң жасағанда өздеріңді ауыл адамдарының орынына қойып көрсеңде

Администратор 27.07.2008

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережесіне сәйкес Ауыл шаруашылығы министрлік - реттелетін салалардағы басшылықты, атап айтқанда агроөнеркәсіптік кешен, ауыл және балық шаруашылығы, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы және ауылдық аумақтарды дамыту, сусындарды (алкогольді өнімдер мен этил спиртінен басқа) қоса алғанда, тамақ өнімдерін өндіру бөлігінде өңдеу өнеркәсібін, агроөнеркәсіптік кешенді техникалық жарақтандыру мәселелерін, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласындағы мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Осыған байланысты, бұл мәселе бойынша Ауыл шаруашылығы министрлікке өтініш жасау болады.