Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен Интернет-конференциясы

Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен Интернет-конференциясы

  • Сұрақтар: 21
  • Жауаптар: 21
  • 04.05.2009
  • 08.05.2009
  • ?аза?стан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Амантай Байменов 04.05.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Сәлеметсіз бе, министр мырза! Бәрімізді елімізде белең алып отырған есірткі бизнесі алаңдатып отыр. Қазір ІІМ-де осы бағытта қандай жұмыстар атқарылуда? Бала-шаға үшін кәдімгідей алаңдап жүрміз, себебі жастарды есірткіге құмарлыққа тартушылар көп дейді, сіз не айтасыз?

Администратор 08.05.2009

Сұрағыңызға рахмет. Иә, елімізге есірткінің таралуы өте өзекті мәселе болып отыр. Сондықтан Ішкі істер министрлігі елімізге есірткінің енуіне қарсы тұратын барлық мүмкіндіктерді қолдануда. Полицияның осы бағытындағы жұмысына министрлік тарапынан тиісті өзгерістер енгізілуде. Негізгі күш ірі есірткі сатушыларын және қылмыстық топтарды ұстауға бағытталған. Полиция анықтаған қылмыстардың жартысына жуығын есірткі сату қылмысы құрап отыр. Өткен жылы полиция есірткі қылмыстарын жасаған 9 ұйымдасқан қылмыстық топ құрықтады, заңсыз айналымнан 300кг. героин тәркіледі. Осы жылдың басынан бері 2 ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, 1600 есірткі қылмысы анықталды және 23 есірткі контрабандасының жолы кесілді. Былтыр есірткі тасымалдаушыларға, жасөспірімдерді есірткіге тартатындарға, оқу орындарында есірткі заттарын сатушыларға қатысты қылмыстық жауапкершілік күшейтіліп, осындай қылмыс жасағандарды 15-20 жыл түрмеге жабу қарастырылған. Полиция тарапынан жастардың арасында есірткі қылмыстарының алдын-алу шараларын ұйымдастыруға ерекше назар аударылуда. Жергілікті атқарушы органдармен бірге полиция балалар мен жастардың белсенді демалысын ұйымдастыру мәселелерін қарастыруда. Республика бойынша 2,5 мың балалар және жастардың демалыс орындары бар, ол жерлерде 680 мыңнан астам адам қамтылған. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан жастардың спортпен айналысуына да көңіл бөлінуде, яғни, бүгінде әртүрлі спорт секцияларында 500 мыңдай оқушы спортпен айналысады. Жалпы, жастарды есірткі қылмыстарына жібермеу және есірткіге тәуелділікке түсірмеу үшін министрлік өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп, бар мүмкіндіктер шеңберінде еліміздегі есірткі жағдайын сауықтыруға қажетті шараларды қабылдауда.