Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен Интернет-конференциясы

Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен Интернет-конференциясы

  • Сұрақтар: 21
  • Жауаптар: 21
  • 04.05.2009
  • 08.05.2009
  • ?аза?стан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Берик Ахметов 04.05.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Елімізде «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді деп хабарлаған едіңіздер, толық ақпаратты қайдан алса болады? Сосын мұндай шаралар жиі өткізіледі ме, халыққа пайдасы қандай?

Администратор 08.05.2009

Ағымдағы жылғы 27-29 сәуір аралығында Ішкі істер министрлігі елімізде келе жатқан мамыр мерекелері қарсыңында қоғамдық тәртіпті сақтауды және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізеді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық орындарда, көшелерде қажетті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, заңсыз сақталатын атыс қаруларын анықтау, есірткі жеткізілетін арналарды жою. Нәтижесінде іздеуге жарияланған 106 қылмыскер, айдап әкетілген 16 бірлік автомашина анықталды. 220 бірлік атыс қаруы мен 100 килограммдай есірткі тәркіленді, 16 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Көші-қон ережелерін бұзғаны үшін 4 мыңдай шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар жауапкершілікке тартылып, елімізден 450 адам шығарылған. Жүргізілген операция туралы толық ақпаратты ІІМ сайтында (www.iim.kz) орналастырылған баспасөз-мәлімдемесінен алуға болады. «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы жоспарлы түрде жүргізіледі және ол қоғамдық тәртіпті күшейтуге, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмегін тигізеді.