Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің 2009 жылғы 6 наурызғы «Дағдарыс арқылы жаңару мен даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру барысы және түсіндіру бойынша Мәдениет және ақпарат министірлігінің қатысуымен өткізілетін интернет-конференциясы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекет Басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және жүзеге асыру барысы бойынша Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылдың 29 мамырда жарияланады.
- Сұрақтар: 26
- Жауаптар: 25
- 29.05.2009
- 29.05.2009
- ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігі
Жасұлан Еркетаев 29.05.2009, Сұрақ нөмірі:
Қазастан халқы Ассамблеясы бүгінгі таңда қандай жұмыс жүргізіп жатыр?
Администратор 29.05.2009
1995 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі қызметі – этносаралық келісімді нығайту, қоғамдағы бейбітшілік пен ынтымақтастықты, Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдерінің мүддесін қамтамасыз ету және этномәдени бірлестіктерді мемлекеттік саясатты іске асыруға қатыстыру. Ол үшін Ассамблеяның мүмкіншілігі зор. Ассамблея бүгінгі күні Президент жанындағы кеңесші орган болып табылады, Парламент Мәжілісінде 9 депутат Ассамблея атынан сайланды, барлық жергілікті жерлерде Ассамблеяның өкілдіктері қызмет жасауда. Ал нақты іс-шараларды атап айтатын болсақ, олар Қазақстан халқы Ассамблея сессиясының ашылуы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше мемлекеттер халықтарының Достық форумы, этножурналистика саласында жыл сайын өтетін «Шаңырақ» шығармашылық конкурсы, мемлекеттік тілді игерген Этникалық жастар форумы, 1 мамырда аталып өтетін Қазақстан халқының бірлігі күні аясында өткізілетін түрлі фестиваль, семинар, көрме, шығармашылық концерттер және өзге де бұқаралық іс-шаралар.