Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен Интернет-конференциясы
Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен Интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 21
- Жауаптар: 21
- 04.05.2009
- 08.05.2009
- ?аза?стан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Халықова Нұргүл 04.05.2009, Сұрақ нөмірі:
Елбасы Астананы еліміздегі ең қауіпсіз қала қылу керек деген болатын, енді осыған байланысты Астана қаласында қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бойынша арнайы жұмыстар жүргізіледі ме?
Администратор 08.05.2009
2009 жылғы сәуірде Мемлекет басшысы Астана қаласының даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңесте Президент ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті сақтау, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті күшейту, қаламыздағы ескі автокөлікті пайдалану мәселесін тәртіпке келтіру, тиісті техникалық тексеруді өткізу бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Сонымен қатар, Елбасы Ішкі істер министрлігіне Астананы еліміздегі ең қауіпсіз қалаға айналдыруды тапсырды. Ішкі істер министрлігі Мемлекет басшысы қойған міндеттерді шешу үшін ұйымдастырушылық-практикалық іс-шаралар кешенін анықтады. Атап айтқанда, кешкі және түнгі мезгілде патруль жасақтарын арттырып, полиция күштері кешенінің бірегей жиналу сызбасы қайта қарастырылды және патрульдеу маршрутына түзетулер енгізілді. Кешенді полиция қызметінің жұмысын ұйымдастыру тәулік бойы үш ауысымды режимде жүзеге асырылады. Күн сайынғы жеке құрамның шығуы 1160 адамға дейін жеткізілді. Ерекше назар үшінші ауысымға бөлінген, бұл мезгілде полицияның негізгі күші шығады. Бұдан басқа, түнгі мезгілде патруль жасайтын мобильді автоэкипаждар тартылып, олардың маршруты көңіл көтеру орындарына барынша жақындатылған. Қала шетінде, саяжайларда атты жасақтар саны көбейтілді. Учаскелік полиция инспекторлары көңіл көтеру орындарының аумақтарында, сонымен қатар ықшам аудандардың ішінде кешкі және түнгі мезгілде тексеру қызметін жүзеге асырады. Астана қаласында құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тиімділігін арттыру бойынша жұмыс жалғасуда.