Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Шаяхметов Уали 02.05.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Бүгін таңда энергияны үнемдеу саясаты аса өзекті болып отыр. Бұл мәселеде Агенттіктің ролі қандай? Және Сіздің ведомствода осы бағыт бойынша қандай шаралар қолданылуда?

Администратор 27.07.2008

Энергия үнемдеу кәзіргі үақытта өте қажетті жүмыс. Агенттік энергия үнемдеу жөнінде мынадай жұмыстар атқарып отыр: есептеу құралдарын орнату жолымен есептеу жүйелерін дамыту және тұтынуды реттеу; нормативтік ысыраптардың деңгейін азайту және нормативтен тыс ысыраптарды болдырмау; тәулік уақыты бойынша электр энергиясына сараланған тарифтер қолдану сияқты жұмыстар жүргізуде. Жаңа норма бар және біз оның ағымдағы орындалуына тұрақты түрде мониторингіні жүзеге асырудамыз. Оның орындалуы бойынша артты қалушылық та бар. Осыған байланысты біз субъектілермен де, тұтынушылармен де тікелей жұмыс жүргізіп отырмыз. Тұтынушы тиімділікті көре бермейді және есептеу құралдарын орнатудан, тіпті олар кепілгерлердің қаражаттарының есебінен тегін орнатылып жатса да, жиі қарсылық көрсетеді. Осы жұмысқа жергілікті атқарушы органдар тартылған. Сонымен қатар, заңды бұзғаны үшін шараларды біз 2009 1 қаңтардан кейін қолдана аламыз. Тәулік ішіндегі уақыт бойынша сараланған тарифтер енгізу мақсатында Тәулік ішіндегі уақыт бойынша сараланған тарифтер есептеу әдістемесін қайта қарадық, Астана мен Алматы қалаларындағы энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен пилоттық жобалар ретінде сараланған тарифтер енгізу үшін тиісті жұмыс жүргіздік. 1 мамырдан бастап жеке тұлғалар үшін екімезгілді тарифтер және заңды тұлғалар үшін үшмезгілді тарифтер енгізілді. Бірінші кезеңде осы тарифтер қазіргі бар тарифтерге балама тарифтер ретінде қаралатын болады. Оларды қолдануды таңдау құқығы тұтынушылардың еркінде. Бұдан әрі заңды тұлғалар үшін үшмезгілді тарифтерді ең жоғары тарифтермен қоса қолдану кестенің ең жоғары сағатында электр энергиясын жеткізудің міндетті шарты болады. Осы қалаларда сараланған тарифтер қолдану нәтижелері бойынша республиканың басқа өңірлерінде сараланған тарифтер енгізу жөніндегі жұмыстар жалғаса беретін болады. Тарифтерді өзгерту үшін міндетті талап ретінде табиғи монополиялар субъектілерінде ысыраптарды азайту жөнінде бағдарламалардың болуы бойынша та