Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Нурсеитов Бакытжан Еркинович 24.04.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Ассалаумағалейкім Сауат мырза. Қазақстанда АЭС-тен алынатын энергиядан басқа, экологиялық таза энергия көздері бар ғой. Соларды неге пайдаланбасқа? Мысалы, күн көзінен алынатын энергия көзі. Оған бізде кең байтақ жеріміз жок емес бар. Мысалы, Қызылорда мен Маңғыстау облысын алуға болады. Энергияның басқа көздері туралы Үкіметте қаралама? (Түркістан қ. ХҚТУ студенті). Рахмет!

Администратор 27.07.2008

Қазақстанда күн энергиясы, жел және су энергиясы сияқты жаңғыртылатын энергия көздері жеткілікті. - су энергиясы – жылына 170 млрд. кВт (солардың 5 пайызы пайдаланылады); - жел энергиясының ресурсы – жылына 1800 млрд. кВт жуық (пайдаланылмайды); - күн энергиясы – жылына 1200-1800 кВт (пайдаланылмайды). Қазір бұл ресурстардың мемлекеттің отын-энергетикалық балансындағы үлесі 0,02 пайызды құрайды. Жаңғыртылатын энергия көздерінің (ЖЭК) пайдаланылуына негізгі кедергі – олардың электр энергиясы нарығындағы бәсекелестікке сай болмауы. Осыған байланысты ЖЭК-ті электр энергиясының бәсекелестік нарығына қатыстыру және ЖЭК-ті дамыту үшін инвестиция тарту мақсатында «Жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалануды колдау туралы» Заң жобасы әзірленіп жатыр. Бұл заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына осы жазда ұсынылмақ.