Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен Интернет-конференция
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекет Басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және жүзеге асыру барысы бойынша Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылдың 22 сәуірінде жарияланады.
- Сұрақтар: 17
- Жауаптар: 17
- 20.04.2009
- 22.04.2009
- Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен Интернет-конференция
Сағындықов Ғалымжан Төлегенұлы 20.04.2009, Сұрақ нөмірі:
Бүгінгі күнде Қазақстандық тамақ өнімдерін өндіретін қайта өңдеу кәсіпорындарының қазіргі кездегі күй жағдайы, олардың біздің елімізді азық-түлік қамтамасыз ету мүмкіндігі мәселесі қалай шешілуде және Миниситрлік тарапынан қандай мақсаттарды іске асырып жатсыздар?
Администратор 23.04.2009
Құрметті Ғалымжан! Елімізді азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі Қазақстанда да, әлемнің басқа елдері үшін де өте өзекті мәселе болып отыр. Осыған байланысты Министрлік еліміздің азық-түлік тауарларымен өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейін арттыру мақсатында оң нәтиже берген бюджеттік бағдарламалар бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Қазіргі уақытта халықтың азық-түлік өнімдерінің негізгі түрлеріне деген сұранысын отандық өндірушілер қамтамсыз етуде. Қазақстанда аграрлық сектордың одан әрі дамуы мүмкіндігі өте жоғары. Біз еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар экспорттық мүмкіндігіміз де жоғары деп толық сеніммен айтуға болады. Отандық кәсіпорындардың алдындағы негізгі талаптардың бірі - өндіріске халықаралық стандарттарды енгізу мәселесін қолға алып, шет елдік өніммен сапасы жағынан да, бағасы жағынан бәсекеге түсе алатын өнім өндіруді қолға алу. Сондай-ақ, оларда өндіріс деңгейін көтеру, өнімнің сапасын арттыруда проблемалар да бар. Соның ішінде негізгісі - олардағы технологиялық жабдықтар мен қондырғылардың тозығуының жетуі болып отыр.