Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Samat 05.05.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті министр мырза, Менің сұрайын дегенім, алкоголь өнімін сақтау және көтерме сату үшін лицензия алу үшін бірнеше органдардың қорытдылары (шешімдері) керек. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті солардың бірі Облыстық Еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті деп көрсетіпті. Сол рас па? Сіздер (яғни департаментіңіз) шешім береді ма? Берсе, ол неге сүйене отырып береді? Талаптары қандай?

Администратор 27.07.2008

Мына интернет конференцияны өткізіп жатқандағы мақсат, кәсіпкерлерге жеңілдік жасау, олардың кәсібін ашу үшін, олардың алатын рұқсаттарының санын азайту қажет. Өздеріңіз баспасөзден білесіздер, кеше ғана Үкіметтің мәжілісі өтті, сонда Үкімет арнайы 5 қаулы қабылдады. Сол қабылданған қаулылардың негізгі мақсаты, осы кәсіпкерлердің өзінің бір кәсібін ашар кездегі рұқсат алу қағаздарын санын азайту. Ал енді қойған сұраққа байланысты бұл жерде біздің саланың, біздің департаменттің ешқандай қатысы жоқ. Себебі бұл жерде біз ешқандай рұқсат бермейміз, бірақ бір айта кететін мәселе, егер сол кәсіпті ашқан кезде, мысалы сол алкаголь сататын немесе соны сақтайтын қоймада жұмыс істейтін кісілердің өздерінің жанағы жұмыс құқығы бұзылатын болса, олар шағым жасаса, сонда ғана барып тексере алады, ал былайша лицензияны алу үшін ол кісілердің бізге келуінің қажеті жоқ.