Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Мұханов Төлеген Құмарұлы 25.04.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Сәләмфтсыздарма?Мен өткенде де Бетпе Бет телеберілісінде сұрақ қойғанмынды.Бірақ нақты жауап берілмеді.Менің сүрағым әрі ұсынысым деп түсінсеңізде болады,Бізің Атырау обылысының Құрманғазы ауданының Қыйғаш өзенінің соңғы теңізге құяр Каспи теңізінің солтүстік жағалауындағы кеңістікк Россия тұрғындары дем алып жатады.Ал БіздіңҚазақстандықтар неге дем алып,туристік алаңын ашпасқа?Сәлеммен Төлеген.

Администратор 27.07.2008

Құрманғазы ауданында «Атырау аңшылар және балықшылар облыстық қоғамы» БҚ туроператоры спорттық-әуесқойлық туризмді (аңшылық, балық аулау) дамыту мақсатында «Волга Партипасипасьон» ресейлік компаниясынан 16 орындық «Қиғаш» демалыс базасын жалға алғанын және суда жүзетін құстарды жылына екі мезгіл аулауға келетін 130 шетелдік турист-аңшыларды қабылдайтынын Сіздің сұранысыңызға сәйкес хабарлаймыз. Атырау облысы әкімдігі туризм инфрақұрылымының нысандарын құру бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен жұмыс жүргізуді жалғастыруда. Қазіргі кезде әкімдікке туристік базаларды, демалыс аймақтарын құру жөнінде ұсыныстар түскен жоқ.