Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен Интернет-конференция
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекет Басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және жүзеге асыру барысы бойынша Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылдың 22 сәуірінде жарияланады.
- Сұрақтар: 17
- Жауаптар: 17
- 20.04.2009
- 22.04.2009
- Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен Интернет-конференция
Сәрсенбаев Ербол 20.04.2009, Сұрақ нөмірі:
Қазіргі уақытта азық-түлік нарығындағы отандық өнім мен импорттың арасалмағы қаншалықты тиімді реттелуде? Бұл бағытты күшейту қандай ұстанымдарды қажет етеді және ол үшін мемлекеттік субсидия, салықтық жеңілдік, импортты шектеу секілді арнайы шаралар керек пе?
Администратор 23.04.2009
Құрметті Ербол! Бүгінгі күні еліміз төменгі тұтыну мөлшері бойынша өзінің қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді, бірақ нарық жағдайында импортты толығымен жабу мүмкін емес. 2008 жылдың 12 айында 2007 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сыртқы сауда айналымы 33,4%-ға өсіп, 6,2 млрд. АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт мөлшері 37,6%-ға, ал импорт 29,3%-ға артқан. Еліміздің өзін-өзі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру мақсатында нақты нәтижелерге негізделген, оң нәтиже берген бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жалғасуда. Атап айтқанда, агроөнеркәсіп кешені салаларының экономикалық тиімді жағдайда дамуын, өндірілген өнімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыру ретінде төмендегі шаралар жүзеге асырылуда: - агроөнеркәсіптiк кешен субъектілерiне кредит беру; - ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына қаржы институттары арқылы олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға, жабдықтар лизингіне берілген несиелердің сыйақы ставкаларын арзандату; - өсiмдiктердің жоғары бағалы сорттары мен ауыл шаруашылығы малының, құстардың және балықтардың жоғары бағалы тұқымдарының тектік қорларын сақтау және дамыту; - тұқым шаруашылығын дамыту; - мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру; - Қазақстан Республикасының Үкiметi басым деп айќындаған даќылдар бойынша егiстiк жердiң бiр гектарына есептеп субсидия беру арќылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыру, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге ќажеттi басќа да тауар-материалдыќ ќұндылыќтардың ќұнын арзандату; - ауыл шаруашылығы өнiмi өндiрiсiн және нарығын басќару жүйесiн дамыту; - асыл тұќымды мал шаруашылығын дамыту; - жемiс-жидек даќылдарының және жүзiмнің көп жылдыќ көшеттерiн отырғызу және көшеттiк материалын өсiру. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласының неғұрлым басым 9 саласының кәсіпорындарына ҚҚС ставкасы 70%-ға төмендетілген.