Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен Интернет-конференция

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекет Басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және жүзеге асыру барысы бойынша Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылдың 22 сәуірінде жарияланады.

  • Сұрақтар: 17
  • Жауаптар: 17
  • 20.04.2009
  • 22.04.2009
  • Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен Интернет-конференция

Боранбай Кадиров 20.04.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Биылғы оңтайландырылған бюджетке сәйкес бірқатар серпінді жобаларды қаржыландыру ісінің қысқартылатындығы белгілі болып отыр. Бұл қысқартулар ауыл шаруашылығы саласындағы серпінді жобаларға қатысты ма? Қатысты болса, қандай жобалар қысқартылмақ?

Администратор 22.04.2009

Құрметті Боранбай Кадиров! Күні кеше, наурыздың 20-ы күні өткен республикалық бюджет комиссиясының отырысында «2009-2011 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды. Сол жерде Сіз айтып отырғандай 2010-2011 жылдарға арналған кейбір бюджет шығындарының қысқартылуы мүмкін екендігі айтылған. Бірақ біз ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ұсыныс жасап қысқартылуға ұшырап кетуі мүмкін деген серпінді инвестициялық жобаларды 2010-2012 жылдарғы арналған бюджетті қалыптастыру кезінде бұрыңғы деңгейде қаржыландырудың маңыздылығын айтып, қолдау таптық. Сөйтіп ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған бюджет қаржысы қысқармайтын болды.