Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен Интернет-конференция
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекет Басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және жүзеге асыру барысы бойынша Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылдың 22 сәуірінде жарияланады.
- Сұрақтар: 17
- Жауаптар: 17
- 20.04.2009
- 22.04.2009
- Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен Интернет-конференция
Исмаилов Руслан 20.04.2009, Сұрақ нөмірі:
Жақында, Сіз басқарып отырған министрлік Сауд Арабиялық кәсіпкерлер Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына қомақты қаржы құюға ниет білдіріп отырғаны туралы ақпарат таратты. Оларды біздің еліміздің аграрлық секторының қандай бағыттары қызықтырып отыр?
Администратор 22.04.2009
Құрметті Исмаилов Руслан! 2008-2009 жылдары Қазақстанға Сауд Арабия Корольдігінің үкіметтік делегациялары келді. Сапар барысында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «КазАгро» ҰХ» АҚ ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, «Ұлттық референттік лаборатория» ММ, «Фитосанитария» РМК басшылығымен кездесулер өтті, сондай-ақ, делегация Ақмола облысындағы мал шаруашылығы қожалықтарына барды. Сауд тарабы ауыл шаруашылығының басымды салаларымен және өзара тиімді ынтымақтастықтың мүмкін бағыттарымен таныстырылды. 2009 жылғы 12 наурызда мен Сауд Арабия Корольдігінің Экономика және жоспарлау министрі Халед Бен Мухаммад әл-Кусейбимен кездестім. Кездесу барысында Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің жай-күйі және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Көрсетілген сапарлар нәтижесі бойынша Сауд тарабының дәнді дақылдарды өндіру және экспорттау, мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал өсіру, ветеринариялық препараттарды өндіру бойынша тәжірибе алмасу салаларына инвестициялар құюға қызығушылық танытқандығын атап өтуге болады.