Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Төреғали 21.04.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Темірхан Мыңайдарұлы! Туризм саласын дамытуды қолға алу керек деп айтып жатырсыздар, осы мемлекетіміз туризм саласы бойынша әлемдік деңгейде нешінші орынды алып жатыр?

Администратор 27.07.2008

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызды аспектісі Дүниежүзілік туристік ұйыммен (ЮНДТҰ) өзара іс-қимыл болып табылады. Туризмді дамытудағы және әлемдік туристік қоғамдастық елдері арасында ынтымақтастық орнатуда бұл ұйымның рөліне баға жетпейді және оның үстіне ЮНДТҰ Біріккен Ұлттар Ұйымының арнаулы мекемесі болып аталған ұйымның өз кезегінде әлемдегі туризмді белсенді алға жылжыту мен тұрақты дамыту жөніндегі позициясын күшейтіп отырған кезде оның барлық мүшелері үшін маңызды. ЮНДТҰ ресми деректеріне сәйкес, еліміз ТМД елдері мен Балтық елдері арасында Ресей Федерациясынан кейін 2-ші орында келеді. Атап өтетін жайт, өткен жылдың қараша айында Колумбияда өткен ЮНДТҰ Бас Ассамблеясының 17-ші сессиясында еліміз аталған ұйымның Атқарушы кеңесіне мүше болып қабылданды, сонымен қатар кезекті Бас Ассамблея 2009 жылы Астана қаласында өткізілетіні жөнінде шешім қабылданды. Мұндай, халықаралық деңгейдегі іс-шараларды елімізде ұйымдастыру ұлттық туристік өнімді әлемдік туристік нарыққа жылжытуға орасан зор мүмкіндік береді.