Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен Интернет-конференция

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекет Басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және жүзеге асыру барысы бойынша Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылдың 22 сәуірінде жарияланады.

  • Сұрақтар: 17
  • Жауаптар: 17
  • 20.04.2009
  • 22.04.2009
  • Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен Интернет-конференция

Кудабаев Асхат 20.04.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Қазақстан – аграрлы мемлекет. Сондықтан да «Балапанды күзде сана» демекші, биылғы меже қандай? Бұрнағы жылғы рекордтық көрсеткіш қайталануы мүмкін бе?

Администратор 22.04.2009

Құрметті Кудабаев Асхат! Еліміздің өте континенталды ауа райының жағдайында ауыл шаруашылығы дақылдарының тиісті өнімін жинау үшін ылғалмен қамтамасыз етудің рөлі өте жоғары екені барлығымызға аян. «Казгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының дерегіне сәйкес былтыр күзгі және қысқы уақыттарда түскен ылғал мөлшеріне байланысты бірталай облыстарда, әсіресе астықты өңір саналатын солтүстік аймақтардың егіс алқаптарындағы ылғал қоры көңілге қонып отыр. Егер дер кезінде тұқым себу жұмыстарын аяқтап, жазда жауын-шашын қажетті мөлшерде болғанына тілеулес болып отырмын. Қыстағы қалың қар егіннің бітік шығуына негізі болса, егіннің өнімділігі көбінесе жаздағы жауын-шашынға байланысты. Сондықтан егінді сеппей жатып, оның өнімі туралы айту артық болар.