Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Самат 06.05.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Қуанышбек мырза, заңды тұлғалар үшін Интернет тарифін төмендетуге ықпал жасасаңыздар. Қазіргі таңда көбісі Интернетке қосылып, жұмыс істегісі келеді. Өкінішке орай, олар үшін Интернет қымбат "қызмет" болып қала бермек. Белгілі бір трафиктан кейін (мысалы, АДСЛ-дің өзінде, 1гб-тан кейін) қосымша төлемнің өзі біршама көп ақша болады, 16-20 мыңға дейін жетіп жатады. Осы орайда жоспарларыңыз қандай? Қаншаға төмендетуге ықпал жасайсыздар?

Администратор 27.07.2008

Интернет қазақстандықтырдың күнделікті өміріне аса кеңінен енуде, өзінің жұмысымен байланыс ретінде Интернетті пайдалана отырып көбісі үйінде жұмыс жасағанды қалайды. Егер адамдар үйден тыс жерде болса, пошталық жәшікті пайдалана отырып Интернет арқылы үймен байланысуға, іскерлік хат жазысуға болады. Қазақстанның дамуында елеулі фактор болып табылатын Интернетке қол жеткізілімді бағаларды ескере отырып Агенттік Интернет рыногын дамыту, әсіресе ауылдық жерлерде пайдаланушылардың санын арттыру үшін, жағдайды құру жөнінде әрқашан жұмыс жүргізеді. Ауылдағылар үшін мүмкін болатын Интернетке қол жеткізілім қызметтерін көртсеткен кезде телефон орнатылмаған елді мекендерді телефондандыру жөніндегі жұмыстар бір уақытта жүргізілуде. Бәсекелестікті дамыту мақсатымен Агенттік «Байланыс туралы» Заңның қағидасын өзгертуге бастамалайды, осыған сәйкес «Қазақтелеком» АҚ басымды оператор ретінде өз абоненттік желілерін басқа байланыс операторларына жалға беруге міндетті болады. Сол кезде байланыс операторлары өз қызметтерін, атап айтқанда әртүрлі тарифтік жоспарлармен Интернетке кең жолақты қол жеткізу қызметтерін ұсына отырып абонент үшін тартысқа түседі. 2008 жылдың 1 сәуірінен бастап «Қазақтелеком» АҚ-мен «(Unlimited) трафигін есептеусіз» 256 Кбит/с-тан порттың 2 есе - өткізу қабілеттілігімен және жоғары, 128 Кбит/с-тан порттың 4 есе - өткізу қабілеттілігімен тарифтік жоспар бойынша «заңды тұлғаны» құрусыз кәсіпкерлік қызметпен айналысатын «заңды тұлғалар» мен «жеке тұлғалар» үшін Интернет желісіне кең жолақты қол жеткізілім қызметтеріне тарифтер төмендеді. 128 Кбит/с-тан порттың өткізу қабілеттілігімен осы қызметке трафик өткенде ҚҚС-сыз, айына 62 226 теңгені құрады, 1 сәуірден бастап ол ҚҚС-сыз, 15 500 теңге ге төмендеді. 256 Кбит/с-тан порттың өткізу қабілеттілігімен осы қызметке трафик өткенде ҚҚС-сыз, айына 111 983 теңгені құрады, 1 сәуірден бастап ол ҚҚС-сыз, 55 500 теңге ге төмендеді. Одан басқа, 2008 жылдың 1 сәуірінен бастап «заңды тұлғаны» құрусыз кәсіпкерлік қызме