Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Бейбіт 10.05.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Қуанышбек Бақытбекұлы мен Алматы облысы Панфилов ауданында тұрамын, біздің ауылға былтырдан бастап телефон желісін тартып жатыр. Ал мен телефон қойғызайын десем бағана сатып аласың дейді. Бағана бағасы 8000 теңге. Телефон бағасы 12 000 теңге. Сонда мен қосымша неге тағы ақша төлеуім керек. Осыған жауап берсеңіз? Рахмет

Администратор 27.07.2008

Бүгінгі таңда «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Алматы облысында телефон желісін жаңарту дамыту жұмыстарын жүргізуде. Қосымша төлем телефон желісін тартуға техникалық мүмкіндіктер барма жоқпа соған байланысты. Кейбір жағдайларда өтініш берушінің өтінішін қанағаттандыру мақсатында қосымша телефон желілерін тартуға және басқада құрлыс жұмыстарын орындауға тура келеді. Бұндай жағдайларда қосымша ақы алынады. Сіздің сұрағыңызда нақты мекен жай көрсетілмегендіктен ол жерде телефон желісін тартуға мүмкіндік барма жоқпа айту мүмкін емес. Сол себебті белгіленген тәртіп бойынша тұрғын үйіңізге телефон орнату үшін Сіз өзіңіз тұрып жатқан Алматы облысы, Панфилов аудандық телекоммуникация торабына өтініш жазуыңыз керек. Өтініш тіркеуге алынғаннан соң мүмкіншілігінше телефон орнату мәселесі қарастырылатын болады.