ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ON-LINE КЕҢЕСІ
Құрметті порталға кірушілер! 2009 жылдың 16 ақпанынан бастап Біз сіздерге «On-line кеңес» жаңа сервисін ұсынудамыз. Сіз кез келген мемлекеттік органға мына мәселелер бойынша: • Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру, • Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдерді түсіндіру, • Қандайда бір жағдай жөніндегі лауазымды тұлға әрекетінің құқықтылығы жөніндегі сұрақтармен қоса басқа да сұрақтарды қоя аласыз. Сұрақтарыңызды барынша қысқа да нұсқа тұжырымдауыңызды сұраймыз, ол кеңесшінің сұрағыңызға дер кезінде жауап беруіне ықпал етеді. Сервисті пайдалану үшін келісімді қабылдап, кеңес алатын мемлекеттік органды тізімнен таңдап, сұрақ қою үлгісін толтыруыңыз қажет. Сіз «Сұрақ мәртебесі» бөлімінде Сұрағыңыз қабылданды ма, жоқ па және мемлекеттік органдардың жауаптарымен таныса аласыз.
- Сұрақтар: 1531
- Жауаптар: 45
- 16.02.2009
- 31.12.2010
- ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі
Байсеуова Лаура 11.03.2009, Сұрақ нөмірі:
Біздер, 1937-38 жылдары туылғандар ( мұғалімдерміз) 5, 6 бала туып тәрбиелеп 32-33 жыл еңбек өтілімен «132 сом» зейнетақымен зейнеткерлікке шықтық. Сол кездегі ең көп зейнетақы. Қазіргі алып жүрген зейнетақымызға көніліміз толмайды. Себебі бізден кейін шыққан әріптестеріміздің және қазіргі шығып жатқандардың зейнетақысына неге теңестірілмейді? Мұғалімдердің бейнеті, құқығы бірдей емеспе? Ал еңбек өтілі 38 жыл оңын ішінде 18 жыл мектеп басшысы орынбасары (завуч) болып «Оқу-ағарту ісінің үздігі» белгісінің иегері 1937 жылы туылған ердің зейнетақысы бізден де төмен. Осындай теңгермеушіліктерге риза емеспіз. Мұғалім зейнеткерлердің зейнетақысын барлығына бірдей теңестірілуін сұраймыз. Шұбарқұдық кенті, Ақтөбе облысы