Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Мерке ауданы «Жеке кәсіпкер» Т. Көпбаев 05.05.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Үй қызметкерлерінің жұмыс уақыты мен тынығу тәртібі қандай? Жүкті әйелдер мен үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен жұмыс беруші бастамасымен еңбек шартын бұзуға болама? көзделген жағдайды қоспағанда.

Администратор 27.07.2008

Үй қызметкерлерінің жұмыс істеу тәртібі ҚР ЕК 214 бап талабымен реттеледі. Үй қызметкерлерінің еңбек қызметі еңбек шартымен расталады. Онда жұмыс уақыты мен тынғу режимі белгіленеді. ҚР ЕК 185 бабының 1 және 2 тармағына сәйкес жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуға шектеу қойылған осы кодекстің 54 бабы 1 тармағының 1,3,18 тармақшаларында көзделген жағдайды қоспағанда. Егер де әйелдердің еңбек шартының мерзімі аяқталған күні мерзімі он екі апта және одан да көп апта жүктілік туралы медициналық анықтама ұсынса босатуға шек қойылмайды.