Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы бойынша Алматы қаласы әкімшілігімен Интернетөконференция

Алматы қаласы Әкімшілігі Мемлекет Басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және жүзеге асыру барысы бойынша Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылдың 25 сәуірінде жарияланады.

  • Сұрақтар: 30
  • Жауаптар: 30
  • 25.04.2009
  • 25.04.2009
  • Алматы қаласы Әкімшілігі Мемлекет Басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және жүзеге асыру барысы бойынша Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылдың 25 сәуірінде жарияланады.

Ерлан 25.04.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Қайырлы күн, мен—кәсіпкермін, сондықтан мені экономикамыздың қалай дамитындығы туралы мәселе қызықтырады. Қазіргі кезде дағдарысты бастан кешіп отырған әр ел ауыр кезеңнен өтудің өзіндік стратегияларын әзірлеу үстінде. Осы орайда, біздің еліміз таңдаған стратегия жайлы айтып берсеңіз.

Администратор 25.04.2009

Біз экономика мен мемлекеттік басқаруды жаңаша құруды жылдамдатуға арналған Стратегияны таңдадық. Біз алғашқылардың бірі болып қаржы секторына, құрылыс саласына, үлестік құрылысқа қатысушыларға қолдау жасауға ықпал ете алатын дағдарысқа қарсы батыл шараларды қабылдадық. Шағын бизнесті қолдау жөніндегі Тұрақтандыру бағдарламасы әзірленіп, қазір ол белсенді түрде жүзеге асырылуда. Жеңілдетілген несиенің үшінші траншы іске қосылып, әкімшілік кедергілерді азайту бойынша бірнеше заң жобалары қабылданды, шағын бизнеске тексеру жүргізуге жарияланған мораторий мерзімі ұзартылды және басқа да шаралар жасалуда. Ең бастысы, бүгінгі таңда Қазақстан--жоғарғы билігі дағдарыстан дамуға көшудің жоспарын жасау міндетін алға қойып отырған ең алғашқы ел болып саналады.