Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы бойынша Алматы қаласы әкімшілігімен Интернетөконференция

Алматы қаласы Әкімшілігі Мемлекет Басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және жүзеге асыру барысы бойынша Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылдың 25 сәуірінде жарияланады.

  • Сұрақтар: 30
  • Жауаптар: 30
  • 25.04.2009
  • 25.04.2009
  • Алматы қаласы Әкімшілігі Мемлекет Басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және жүзеге асыру барысы бойынша Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылдың 25 сәуірінде жарияланады.

Шолпан 25.04.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Еліміздегі және әлемдегі дағдарыс жағдайына байланысты Алматы қаласының көптеген кәсіпорындары тапсырыстың болмауынан тоқтап тұр. Соның салдарынан жұмыс орындары қысқарып, еңбек ақы уақтылы төленбейді. Осыған байланысты менің сұрағым бар: осы түйткілді мәселені шешуге қандай іс-шаралар қабылдануда?

Администратор 25.04.2009

Мемлекет Басшысының 2008 жылғы 5 желтоқсанда Шетел инвесторлары кеңесінің 20-шы Пленарлық мәжілісінде мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен холдингтердің сатып алуда «Қазақстандық мазмұн» үлесін ұлғайту жөніндегі берген тапсырмасын орындау үшін Алматы қаласының әкімдігі «2009 Мемтапсырыс» беруде бірнеше акциялар өткізген болатын, онда мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар өздерінің сатып алу жоспарларының тұсау кесер рәсімін өткізді. Осының нәтижесінде Алматы қаласының тауар өндірушілері мен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры ұлттық компаниялары арасында қазіргі уақытқа дейін жылпы сомасы 68,5 млрд. теңгеге 372 контрактіге қол қойылды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.