Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Иманалиев Ж.К. –жеке кәсіпкер. 05.05.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Сұрақ: Жеке шаруа қожалықтарында болған жазатайым оқиғаны тергеу-тексерудің ерекшеліктері бар ма? Сұрақ: Қызметкерлер жұмыс басталардан 20 минут бұрын жұмысқа келіп, даладағы орындықта темекі тартып отырғанда жүрегі ұстап қалды. Осы жағдайды өндірістік жазатайым оқиғаға жатқызуға болама. Сұрақ: Перзентханадан жаңа туған бала асырап алған едім, осыған орай маған ақылы демалыс беріле ме?

Администратор 27.07.2008

1. Өндірістегі жазатайым оқиғалар жеке мемлекеттік мекемелер, және ұжымдарда Еңбек кодексінің 325-бабына сәйкес жүргізіледі, тек егер жұмыс беруші жеке тұлға болғанда , оқиға туралы АКТ толтырғанда, оған жұмыс беруші қол қойғаннан кейін нотариалдық түрде расталады. 2. ҚР-ның Еңбек Кодексінің бабының 3-тармағы 3- тармақшасына сәйкес зардап шеккен адам денсаулығының медициналық қорытындысымен расталған, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерімен байланысты емес кенеттен денсаулығының нашарлауынан болғаны нақты анықталса, онда өндірістік жазатайым оқиға ретінде рәсім делінбейді. 3. Жаңа туған баланы асырап алған қызметкерлерге (ата-ананың біреуіне) баланы асырап алған күннен бастап және бала туған күннен бастап елу алты күн өткенге дейінгі кезеңге ақылы демалысы беріледі.