Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Алтын 24.04.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Сәлеметсіздер ме! Менде мұндай сұрақ: Жаңадан дайындалып жатқан бәсекелестік туралы заңның негізгі міндеті мен мақсаты қандай және қазіргі заңнан айырмашылығы неде? Рахмет.

Администратор 27.07.2008

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес жаңа мекеме – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі құрылды. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында «Бәсеке туралы» жаңа Заң қабылдау қажет екенін атап көрсетті. Қазіргі уақытта Агенттік «Бәсеке туралы» заң жобасын дайындап жатыр. Осы жұмыс барысында біздің мақсатымыз - кәсіпкерлердің белсенділігі мен ел экономикасының тиімділігін арттыру. Қазіргі заңдардан жаңа заң жобасының бірнеше айырмашылықтары бар. 1. Біз оны тікелей әрекет ету заңы қылып шығаруды мақсат етеміз. 2. Заң жобасы бәсеке нарығында мемлекеттің қатысуының негізгі ережелерін анықтайды. 3. Жобада Агенттік қызметі тәуелсіз алқа негізінде құрылуы қарастырылған. 4. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау. 5. Мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс- қимылының жолын кесу. 6. Заң жобасына ерікті өкініш ұғымы енгізілді. Яғни, монополияға қарсы заңды бұзған адам ерікті түрде өкініш білдірсе, оның жазасы жеңілдетіледі. Қазіргі уақытта осы Заңды әзірлеу бойынша нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Түскен ұсыныстар міндетті түрде ескерледі.