Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Тукишева Индира 02.05.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Мен Шымкент қаласында №76 Р.Мырзашев атындағы негізгі мектепте мұғалім болып жұмыс істеймін. Мені және менің әріптестерімнің көкейінде жүрген бір сұрақ бар,ол жаңадан енгізілген бала күтіміне байланысты берілетін енбек демалысына төлемақы төлеу жөнінде толығырақ әрі нақтылай айтсаңыздар екен. Алдын-ала рақметімді айтамын.

Администратор 27.07.2008

Бұл сауалға қатысты баспасөз беттерінде біраз түсініктемелер бердік. Менің тағы да қоса айтатыным, біздің Қазақстанда бірінші рет қаңтардан бастап, әйел жүкті болған кезде, баланы босанған кезде, баланың бір жасқа толғанға дейін күтіміне төленетін жәрдемақылар мемлекеттік арнаулы сақтандыру қорынан төлене бастады. Егер де нақтылай төленетін мөлшеріне келетін болсақ, онда жұмыс істейтін әйелдер болатын болса, ол кісінің жұмыс істеген орны қордың мүшесі болуы қажет және дер кезінде жарнасын төлеп отырған жағдайда, ол кісіге жүкті болып демалысқа кеткенде 4 айлық орташа жалақысы беріледі. Енді біздің статистикалық мәлімет бойынша, Қазақстанда әйелдердің орташа айлығы - 44 000 теңгені құрайды. Оны төртке көбейтсек 170 мыңдай теңге құрайды ол біріншіден. Екіншіден, әйелдер босанған кезде төленетін ақша, ал кейбір кезде қиын босанғанда немесе Семей өңірінде тұрса, оған 4 – ке емес, 4,6 - ға немесе 5 – ке көбейтіледі. Одан кейін баланың босанғаннан кейін, 10 ай бойы баланы күткен үшін, алып жүрген айлығының 40 пайызы төленіп отырады. Біздің есептеуіміз бойынша барлығын қосқанда, жүкті болған кезде, баланы босанған кезде, баланы күтуіне берілетін 10 айлықты және басқасын қоса есептегенде – 1 әйелге 480 мыңдай теңге төленуі керек. Бұл жұмыс істейтін әйелдерге қатысты. Ал жұмыс істемейтін әйелдер босанған кезде, ол кісілерге мемлекеттің бюджеттің есебінен 35 мың теңге төленеді, ал одан кейін ай сайын бала бір жасқа толғанға дейін мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Оның мөлшері бала санына байланысты, бірінші балаға – 5 800 теңге, әрі қарай категорияға байланысты көбейе береді. Егер 5 – 6 бала болатын болса, ол балалар 18 жасқа дейін – 4 мың теңгедей төленеді.