МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ДАҒДАРЫС АРҚЫЛЫ ЖАҢАРУ МЕН ДАМУҒА» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУ ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ БОЙЫНША ҚР ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Мемлекет Басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы бойынша Интернет-конференциясын өткізіп жатыр. Жауаптар «электрондық үкімет» порталында 2009 жылдың 2 cәуірінде жарияланады.
- Сұрақтар: 18
- Жауаптар: 18
- 24.03.2009
- 01.04.2009
- Министерство экономики и бюджетного планирования РК
Айбар Кенже 31.03.2009, Сұрақ нөмірі:
Дағдарысқа қарамастан елімізге оралмандар қабылданабереме? Келіп қойған оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жалғасама?
Администратор 02.04.2009
Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқаттын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында 2009 жылы оралмандардың тарихи Отанына қоныс аударуына жыл сайынғы үлес (квота) 5 мың отбасына көбейді, осылайша жылына 20 мың отбасына дейін жеткізілді. Қазақстан Республикасының «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңында 2009 жылы оралмандарға әлеуметтік көмек көрсетуге қаражат көзделген, оның ішінде: - оралманның отбасы мүшелеріне бiржолғы жәрдемақылар төлеуге (отбасы басшысына 15 еселенген АЕК мөлшерiнде, отбасының әрбiр мүшесiне 10 еселенген АЕК мөлшерiнде); - тұрғын үй сатып алуға (оралман отбасының әрбiр мүшесiне 100 еселенген АЕК мөлшерiнде); - өз бетiмен қоныс аудару кезiнде тұрақты тұратын жерiне бару мен мүлкiн (соның iшiнде малын) апару жөнiндегi шығыстарды өтеуге (оралман отбасының әрбiр мүшесiнiң жолына ақы төлеу – 10 еселенген АЕК мөлшерiнде, жеке мүлкiн апаруға ақы төлеу – оралман отбасына 50 еселенген АЕК мөлшерiнде). Оралмандарды тұрғын-үймен қамтамасыз ету жөнінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 Қаулысымен бекітілген 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында тұрғын-үйге жеңілдетілген ипотекалық несиелер беру жолымен тұрғын-үйді салуға немесе сатып алуға 2010 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдарға несие беру көзделгенін хабарлаймыз.