Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы
Қызылорда облысы әкімшілігі Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 8 мауысымда жарияланады.
- Сұрақтар: 27
- Жауаптар: 24
- 08.06.2009
- 11.06.2009
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Дүйсебаева Аружан Нурланкызы 09.06.2009, Сұрақ нөмірі:
Болатбек Баянұлы! Шанхай мөлтек ауданында аяқ су жоқ, қурап жатырмыз. Ал, халық ауыз суды үй алдындағы бақшаларына салғандықтан ауыз суға да жарымай қалдық. Осы мәселелердің шешімі қандай болмақ?
Администратор 09.06.2009
Шанхай мөлтек ауданының қазіргі таңда Торайғыров, Қызылорда, Тохтаров, Кетебаев, Құлтекенов, Молдағұлова, Сағымбаев, Шәкәрім, Бірқұлақов, Дүйсенов көшелесінің аяғы, Ерімбетов, Каналы болыс, Асфендияров, көшелері аяқ сумен қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар, №222 мектеп аумағындағы көшелер аяқ сумен қамтамасыз етілуде. Шанхай мөлтек ауданының қалған көшелерін аяқ сумен қамтамасыз ету жолдары қаржы мүмкіндіктеріне қарай 2010-2012 жылдар аралығында жүргізілетін болады.