Павлодар облысы Әкімшілігі Мемлекет басшысының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру мәселелеріне арналған Интернет-конференция өткізеді.
2009 жылғы 8 қыркүйекте Павлодар облысы Әкімшілігі Мемлекет басшысының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру мәселелеріне арналған Интернет-конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 9 қыркүйекте жарияланады.
- Сұрақтар: 20
- Жауаптар: 16
- 08.09.2009
- 08.09.2009
- Павлодар облысы әкімшілігі
Жанатбек Салықов 08.09.2009, Сұрақ нөмірі:
Елбасы өзінің биылғы Жолдауында салынып жатқан білім беру саласының нысандары барлығы уақытылы тапсырылатын болады деген. Біздің облысымыздағы жағдай қалай екен?
Администратор 08.09.2009
Павлодар облысында білім саласына қатысты салынып жатқан барлық нысандар өз уақында тапсырылады. Ол үшін біз барлық жағдайды жасайтын боламыз. Бүгінгі күні облыста 8 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Атап айтсақ 5 мектеп, 2 балабақша және отбасылық үлгідегі балалар қалашығы салынуда. Олардың барлығы осы жылдың соңына дейін тапсырылмақ. Барлық құрылыстың жүргізілу барысы менің күнделікті бақылауымда. Бұдан басқа 2010 жылы біз тағы 12 білім беру нысандарының құрылысын бастамақпыз. 5 мектеп, 5 балабақша, бір кәсіптік лицей және музыкалық мектеп интернатына арнап жатақхана салатын боламыз.