Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы
Қызылорда облысы әкімшілігі Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 8 мауысымда жарияланады.
- Сұрақтар: 27
- Жауаптар: 24
- 08.06.2009
- 11.06.2009
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Р. Кадырова 09.06.2009, Сұрақ нөмірі:
Қазір ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды патронаттық тәрбиеге алуға байланысты көп айтылуда. Толық мәлімет берсеңіздер.
Администратор 11.06.2009
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 наурыздағы № 306 қаулысымен бекітілген «Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап бағуға арналған ақша қаражатын төлеу туралы» ережесіне сәйкес Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырып – бағуға арналған ай сайынғы ақша қаражатының төлемі олардың ата-аналық құқықтарының шектелуіне немесе айырылуына, ата- аналарды хабарсыз кеткен деп тануға, оларды қайтыс болды деп жариялауға, ата-аналардың бас еркінен айыру орындарында жазаларын өтеуіне, ата- аналардың баланы тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруына байланысты, оның ішінде ата- аналардың өз баласын тәрбие немесе емдеу мекемесінен алудан бас тартқан жағдайда ата- аналарының бірінің немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаға жүргізіледі. Орташа есеппен 1 балаға бір жылда 373949,6 мың теңге, бір айда 31162,47 теңге төленеді.