Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы

Қызылорда облысы әкімшілігі Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 8 мауысымда жарияланады.

  • Сұрақтар: 27
  • Жауаптар: 24
  • 08.06.2009
  • 11.06.2009
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Маханова Сапура 09.06.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Болатбек Баянович! Елбасы биылғы жылғы Жолдауында жолдарды жөндеуге аса мән беруді тапсырғанын білеміз. Енді Қызылорданың жолы қаншалықты жөнделеді?

Администратор 11.06.2009

Қызылорда қаласының жолдарын жөндеуге биыл 4,3 млрд. теңге қарастырып отырмыз. Қазір жобалау жұмыстары аяқталып, 5 маусымнан бастап қалада көшелерді жөндеуге кірісіп те кеттік. Бұл жұмыстар 2-3 айдың ішінде толықтай аяқталуға тиіс. Осыған орай, бөлінген қаражатқа қаладағы жүзге жуық көшеге күрделі, орташа жөндеу жұмыстарын жасауды жоспарлап отырмыз.