Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру мәселелеріне арналған Атырау облысы әкімшілігімен Интернет-конференция
Атырау облысының әкімшілігі 2009 жылғы 26 маусымда Мемлекет басшысының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру мәселелеріне арналған Интернет-конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 26 маусымда жарияланады.
- Сұрақтар: 21
- Жауаптар: 21
- 26.06.2009
- 26.06.2009
- Атырау облысы әкімшілігі
Гульнар 26.06.2009, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Бергей Саулебайұлы!
Қаламыздың қазіргі уақытта көркейіп, мұнайлы астана деңгейіне сай гүлденіп әрі өсіп келеді. Менде кішкентай болсада, өз үлесімді қосып, халыққа рухани күш, азық беретін, халық мәдениетін, рухын көтеретін сана-сезімін оятайын газет-жорнал, кітап сататын дүңгіршіктер санын көбейткім келеді. Соған байланысты қосымша 2 дүңгіршікке жер бөлінді. Алайда, оларды орналастыруға, құрылыс жұмыстарын жүргізуге қосымша қаражат керек, өкінішке орай қаражат жағынан қиналып отырмын. «Даму» қорына хабарластым, барлық қағаздарымды, салық комитетінде тіркелгенім жөнінде анықтамаларды тапсырғамнын, бірақ, үйіңіз ескі деген желеумен, екі күнде шешілетін мәселені созылғанына екі жарым ай уақыт болды. Осы жағдайларды баяндай отырып:
1. Дүңгіршіктерді орналастыру ү/н «Даму» қорынан ақша бөлуге қол ұшын беруге, көмектесуге.
2. Дүңгіршіктер заман талабына сай, қазіргі мына гүл сататын дүңгіршіктер сияқты үлкен әрі көркем болса, адамдарға жұмыс күні табылуына.
3. Көшеде жүріп сататын, жабайы базарларда болмауына өз үлесіңізді қоса аласыз деген үміттемін.
Ы.Алтынсарин өз сөзінде «Кел балалар оқылық, оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық» дегені бар. Алғашқы қазақ ұстазының атына берілген мектептің қасынан қазақтың қос батыр қыздары Әлия мен Мәншүкке арнап, аллея ашылса деген ниетімізде жоқ емес.
Қулжанова Жеміс.
Администратор 26.06.2009
Атырау облысы бойынша «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры «Даму» АҚ аймақтық филиалына «Стабилизационная – ІІІ транш» бағдарламасы бойынша несиелендіру мақсатында хат жолданған. Бүгінгі күні, «Даму» АҚ-ы кәсіпкерлік субъектілерді екінші деңгейдегі банктер арқылы несиелендіреді. Осыған орай «Даму» АҚ АФ мен қаладағы екінші деңгейдегі банктердің басшыларының қатысуымен өткен жиналыста сіз тапсырған құжаттарыңыз толықтай қаралып, нәтижесінде несие беруден бас тартылған. Себебі, Сіз ұсынып отырған кепілдігіңіз жарамсыз және несие төлеу үшін табысыңыз төмен екені анықталды.