Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру мәселелеріне арналған Атырау облысы әкімшілігімен Интернет-конференция
Атырау облысының әкімшілігі 2009 жылғы 26 маусымда Мемлекет басшысының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру мәселелеріне арналған Интернет-конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 26 маусымда жарияланады.
- Сұрақтар: 21
- Жауаптар: 21
- 26.06.2009
- 26.06.2009
- Атырау облысы әкімшілігі
Нурпейсова Нурлыгуль Назымнова 26.06.2009, Сұрақ нөмірі:
Курметти Атырау облысынын акими Б.Рыскалиев, мен Нурпейсова Нургуль Атырау каласындагы Саркамыс мектебинин мугалимимин ,3 баланын анасымын,жолдасым 1-топтагы мугедек.Биз апамыздын жануясымен бирге кишкентай 2 болмели уйинде турамыз. 4 жылдан бери уй ала алмай журмин.Бул хаттарымды елбасымыз Н.А.Назарбаевка да жолдадым.Сиздин Атырау газетине берген сухбатынызды окып,осы жылы мугалимдер мен даригерлерге ипотеклаык уй бериледи деп естип,типти газет беттеринен окып сизге осы хатымды жолдап отырмын,маган осындай уй тиисиле ме? Сизден отинип сурап отырганым мен осы мугалимдер мен даригерлерге берген ипотекалык уйге илигип кетсем деймин. Сиздин жауабынызды кутемин.Коп-коп рахмет.
Администратор 26.06.2009
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67, 68 баптарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй тұрғын үйге мұқтаж, осы елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз топтарына жататын, Қазақстан Республикасы аумағында жеке меншігінде тұрғын үйі жоқ азаматтарға пайдалануға беріледі. Бүгінгі күні бірінші кезекте біздер тұрғын үймен мұғалімдерді, дәрігерлерді, жас жанұяларды қамтамасыз ететін болғандықтан алдағы уақытта жаңа үйлер пайдалануға берілген кезде құжаттарыңыз комиссия назарына ұсынылатын болады.