Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы
Қызылорда облысы әкімшілігі Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 8 мауысымда жарияланады.
- Сұрақтар: 27
- Жауаптар: 24
- 08.06.2009
- 11.06.2009
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Ахметов Асылбек 09.06.2009, Сұрақ нөмірі:
Құрметті әкім мырза! Қала орталығындағы көшелердің атауын жаңартып, үйлердің реттік нөмірлерін қалыпқа келтірсе. Жедел жәрдем, газ шақыруда қиындықтар көп.
Администратор 09.06.2009
Қазіргі уақытта, қала аумағындағы және қалаға қарасты ауылдық округтердегі ескі көше атауларын қайта атау беру сондай-ақ реттік нөмір беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімімен қала аумағында орналасқан көшелерді түгендеу жүргізілуде. Осы түгендеу нәтижесінде, анықталған атаулары жоқ немесе ескі атаулармен тұрған көшелер картаға түсіріліп, сәйкесінше қала әкімдігінің жанындағы ономастикалық комиссияның қарауына ұсынылады.