Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру мәселелеріне арналған ҚР Білім және ғылым министрлігімен Интернет-конференция
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2009 жылғы 19 маусымда Мемлекет басшысының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру мәселелеріне арналған Интернет-конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 19 маусымда жарияланады.
- Сұрақтар: 20
- Жауаптар: 20
- 19.06.2009
- 19.06.2009
- Министерство образования и науки РК
Әбсаматов Нұрболат Керейұлы 18.06.2009, Сұрақ нөмірі:
Сәлеметсіз бе, министр мырза!
Биылғы жылғы ҰБТ бойынша неше түлек ең жоғарғы көрсеткіш көрсетті?
Администратор 19.06.2009
Сәлеметсіз бе! Биылғы жылғы ҰБТ бойынша 8 мектеп бітіруші 125 балл жинады. Олар: Батыс Қазақстан облысындағы дарынды балаларға арналған облыстық мектептің түлегі Аманғалиева Шынар, Маңғыстау облысы Бейнеу мектебінің түлегі Байбозтегі Ақниет, Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаттың түлегі Жексенбаев Абылай, Солтүстік Қазақстан облысы Чириков мектебінің түлегі Есенаева Жадыра, Талдықорған қаласындағы № 20 мектептің түлегі Қожамұратова Арай, Алматы қаласындағы № 21 гимназияның түлегі Меньшова Анна, Батыс Қазақстан облысындағы дарынды балаларға арналған облыстық мектептің түлегі Нұрабай Арайлым, Жамбыл облысы Мерке ауданының № 17 мектебінің түлегі Хасенова Сабира.