Елбасының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және жүзеге асыру аясындда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының І жартыжылдығы бойынша қорытындылары мен 2009-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы рұқсат беру жүйесін жетілдіру, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс съезінде атап өткен негізгі 7 бағыт бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру барысы жөнінде Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Интернет-конференциясы
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі «Электрондық үкімет» порталында Мемлекет Басшысының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және жүзеге асыру аясындда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының І жартыжылдығы бойынша қорытындылары мен 2009-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы рұқсат беру жүйесін жетілдіру, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс съезінде атап өткен негізгі 7 бағыт бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру барысы жөнінде Интернет-конференция өткізеді.
- Сұрақтар: 10
- Жауаптар: 10
- 15.08.2009
- 25.08.2009
- ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ҚЫДЫР Айсағали 19.08.2009, Сұрақ нөмірі:
Елбасы "Нұр Отан" партиясының 12-съезінде сөйлеген сөзінде: "Бізге бүкіл әлемде азық-түлік тауарларына деген сұраныстың өсуін және бағаларының артуын ескере отырып, аграрлық секторды технологиялық қайта жарақтандыруға және кең ауқымды жаңғыртуға қайта бағдарлану қажет" деген еді. Маңғыстау облысында осы бағытта қандай шаралар жоспарлануда?
Администратор 27.08.2009
Құрметті Қыдыр Айсағали! Ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекет айрықша көңіл бөліп отыр. Жыл сайын ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын және елдің азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мақсатында мемлекеттік бюджеттен өсімдік шаруашылығын және мал шаруашылығын қолдауға қомақты қаржы бөлінеді. Қазіргі уақытта республикадағы агроөнеркәсіптік кешендегі қалыптасқан жағдай өндіріс тиімділігінің өсімі және ауыл тұрғындарының өмір сапасы жақсаруымен сипатталып отыр деуге болады. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің шығындары шеңберінде Маңғыстау облысына 2009 жылы мақсатты ағымдағы трансферттер түрінде ауыл шарауашылығын қаржыландыруға қосымшада берілген кестеде көрсетілгендей ақша қарастырылған.