Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің 2009 жылғы 6 наурызғы «Дағдарыс арқылы жаңару мен даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру барысы және түсіндіру бойынша Мәдениет және ақпарат министірлігінің қатысуымен өткізілетін интернет-конференциясы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекет Басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және жүзеге асыру барысы бойынша Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылдың 29 мамырда жарияланады.
- Сұрақтар: 26
- Жауаптар: 25
- 29.05.2009
- 29.05.2009
- ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігі
Ержан 29.05.2009, Сұрақ нөмірі:
Мұхтар аға! Бүгінгі таңдағы әлемдік дағдарыс мемлекетіміздегі тіл саясатына, соның ішінде мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеруге бағытталған іс-шаралар мен ақпараттық жүйені дамытуға, сондай-ақ үлкен жобаларды қаржыландыруға бөлінген қаражат көлемінің қысқарып кетуіне әсерін тигізбей ме?
Администратор 29.05.2009
Сұрағыңызға рахмет! Елбасымыз айтқандай: «дағдарыс келеді, кетеді». Әрине, ол мемлекетімізге өз әсерін тигізбей кетпек емес. Бүгінгі таңда мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеруге бағытталған іс-шаралар мен ақпараттық жүйені дамыту жұмыстары ҚР Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі» № 550 Жарлығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» № 1246 қаулысының негізінде жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Сондай-ақ, еліміздің елдігін танытатын нышандарымыздың бірі – тіліміздің мәртебесін көтеру, оның қолданыс аясын кеңейту бағытындағы жұмыстар әрі қарай өз жалғасын жүйелі түрде таба береді.