Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің 2009 жылғы 6 наурызғы «Дағдарыс арқылы жаңару мен даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру барысы және түсіндіру бойынша Мәдениет және ақпарат министірлігінің қатысуымен өткізілетін интернет-конференциясы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекет Басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және жүзеге асыру барысы бойынша Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылдың 29 мамырда жарияланады.

  • Сұрақтар: 26
  • Жауаптар: 25
  • 29.05.2009
  • 29.05.2009
  • ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігі

Жәнібек Қараболов 29.05.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында жергілікті және орталық атқарушы органдар тарапынан ауылдық мәдениет саласын дамытудағы 2008 жылғы жүргізілген мониторинг натижелері қандай?

Администратор 29.05.2009

Атап айтқанда, 2008 жылы ауылда 31 мәдениет нысаны құрылыспен және қайта жаңғыртумен қамтылған, 216 нысанда күрделі жөндеу жүргізілді. Осы мақсаттарға жергілікті бюджет қаражаттарынан 3,1 млрд. теңге және бюджеттік емес қаражаттардан 0,2 млрд.теңге жұмсалды. Мәдениет нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 1,3 млрд. теңге жұмсалды. 2008 жылдың есеп мәліметтері бойынша 2009 жылдың 1 қаңтарына сәйкес ауылдық 2544 мемлекеттік клуб мекемелері және мемлекеттік емес 325 клубтар, 4074 кітапхана бар. Жүргізілген талдау көрсеткендей 2007 жылмен салыстырғанда республика бойынша клубтар саны едеуір артқан. Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан басқа облыстарда ауылдық елді мекендердің клубтармен қамтамасыз етілуі деңгейі орташа республикалық деңгейден жоғары (39,8%). Кітапхана ауылдардың жалпы санының 53,6% құрайды.