Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы
Қызылорда облысы әкімшілігі Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 8 мауысымда жарияланады.
- Сұрақтар: 27
- Жауаптар: 24
- 08.06.2009
- 11.06.2009
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Досжанова Жанат 09.06.2009, Сұрақ нөмірі:
Әкім мырза, мектептерде келер жылдан бастап кітапты сатып алады дейді. Оған халықтың қаражаты жетпейді. Осы қаншалықты рас?
Администратор 11.06.2009
Сіз сұрап отырған қаражаты жетпейтін, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларының балалары оқулықтарды мектеп кітапханасынан тегін алады. Биылғы жылы жергілікті бюджеттен оқулықтар сатып алуға бөлініп отырған қаржы көлемі – 161 007 000 тенге. Негізінен жаңартылатыны 2, 9 сынып оқулықтары.