Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы
Қызылорда облысы әкімшілігі Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 8 мауысымда жарияланады.
- Сұрақтар: 27
- Жауаптар: 24
- 08.06.2009
- 11.06.2009
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Дәрібаев Анапия 09.06.2009, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Болатбек Баянұлы, облыста картоп, көкөніс, бақша дақылдарын еккен шаруашылыққа субсидия беріледі дейді, сонда әр гектарына қаншадан төленеді? Оны қалай алуға болады?
Администратор 11.06.2009
«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2009 жылғы егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқада тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы №87 қаулысын іске асыру мақсатында «Ауыл шаруашылығы басым дақылдарының түрлері бойынша 2009 жылға 1 гектарға субсидиялар мөлшерін бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2009 жылғы 4 ақпандағы № 64 бұйрығына сәйкес картоп дақылының әр гектарына 2500 теңге төленсе, көкөніс және бақша дақылдарының әр гектарына 9000 теңгеден субсидия төленеді. Әр аудан (қала) орталығындағы ауыл шаруашылығы бөлімдері өкілетті орган болып бекітілген. Соның жанында комиссия жұмыс жасайды, соған өтініш беру арқылы жүзеге асырады.