Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы бойынша Қарағанды облысының әкімдігімен Интернет-конференциясы
Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы бойынша Қарағанды облысының әкімдігімен Интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 10.08.2009
- 10.08.2009
- Қарағанды облысының әкімдігі
Әсем Каленова 10.08.2009, Сұрақ нөмірі:
Ауылдық мектептерге жұмысқа баратын мамандарға қандай көмек болады?
Администратор 10.08.2009
2009-2010 оқу жылына облысымыздағы 9 селолық ауданға 388 педагог мамандар қажет. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпанындағы қаулысына сәйкес ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит беріледі. Ауылдық жерлерде жұмыс істеуге баратын 388 педагог мамандарға бюджеттен 34 млн 575 мың теңге көлемінде арнайы трансферт бөлінген, бұл қаржы аудандарға жіберілді. Қазіргі уақытта аудандық әкімдіктер жанынан комиссиялар құрылып, Ережеге сәйкес жұмыс жүргізілуде. 2009-2010 оқу жылына 388 жас маманға сұраныс жоғарғы оқу орындарына жіберілді. Жас мамандарды ауыл мектептерінде тұрақтандыру үшін сәйкес 34 млн.575 мың теңге көлемінде көтерме ақы төлеу мәселесі шешіліп, трансферттер жергілікті бюджеттерге жіберілді.