Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы
Қызылорда облысы әкімшілігі Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 8 мауысымда жарияланады.
- Сұрақтар: 27
- Жауаптар: 24
- 08.06.2009
- 11.06.2009
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Тлеулиева Ғайни 10.06.2009, Сұрақ нөмірі:
Қазіргі таңда Жалағаш кентінің келбеті жақсарды. Жыл сайын көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Алайда кент ішіндегі жолдар тозығы жеткен, жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Осы жолдарды жөндеп, асфальт төселсе ме?
Администратор 11.06.2009
Биылғы жылы Жалағаш кентінің 2 көшесін асфальттап, тротуар салуға аудандық бюджеттен 17 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар, Жалағаш кенті орталығын абаттандыруға 50 миллион теңге бөлініп отыр. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын табады.