Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің 2009 жылғы 6 наурызғы «Дағдарыс арқылы жаңару мен даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру барысы және түсіндіру бойынша Көлік және коммуникациялар министірлігінің қатысуымен өткізілетін интернет-конференциясы

2009 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Елбасының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іс жүзіне асырудың республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу, қайта жаңғырту және салу мәселелеріне арналған интернет-конференция өткізеді.

  • Сұрақтар: 10
  • Жауаптар: 10
  • 20.05.2009
  • 22.05.2009
  • ҚР Көлік және коммуникация министрлігі

Тажикулова Калима 20.05.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Әбілғазы Қалиақпарұлы, жаңадан салынатын автожолдар ақылы болады дегенді естіп едік, ол жоба қалай жүзеге асады? Екінші сұрағым, Қарағанды облысының Осакаровка ауданынан Астанаға келетін автожолдың ені өте тар. дәл осы жолда ірі жүк көліктері жиі қатынайды, осы жол аралығын кеңейту жоспарда бар ма?

Администратор 21.05.2009

Салеметсіз бе, Қалима! Сұрағыңызға рахмет, ақылы жол енгізу қажеттілігі көлік саласының алдында тұрған мақсаттардың бірі болып табылады. Жол ақысы неғұрлым қозғалысы көп автомобиль жолдары учаскелерінде енгізіледі. Олар – Астана – Қарағанды, Алматы – Қапшағай, Алматы – Қорғас, Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы (ҮАААЖ). Екінші сұрағыңыз бойынша: Астана – Қарағанды автомобиль жолының құрамына кіретін Осакаровка – Қарағанды автожол учаскесін 4 жолақты етіп қайта жаңарту жұмыстары концессиялық негізде іске асырылады. Қазіргі уақытта концессионерді анықтау бойынша конкурсты өткізуге әзірлік жасалуда. Жалпы бұл жобаны іске асыру 2010-2012 жылдар аралығына жоспарланып отыр. Аталған жобалар концессиялық негізде жеке капиталды тарту есебінен іске асырылады. Бұл ретте мемлекет жолды концессионерге 25 жылға жалға береді, ол ақы жинау есебінен өз салымын қайтарады. Концессия мерзімі аяқталғаннан соң мемлекетке барлық талаптарға жауап беретін жол қайтарылады.