Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің 2009 жылғы 6 наурызғы «Дағдарыс арқылы жаңару мен даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру барысы және түсіндіру бойынша Көлік және коммуникациялар министірлігінің қатысуымен өткізілетін интернет-конференциясы
2009 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Елбасының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іс жүзіне асырудың республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу, қайта жаңғырту және салу мәселелеріне арналған интернет-конференция өткізеді.
- Сұрақтар: 10
- Жауаптар: 10
- 20.05.2009
- 22.05.2009
- ҚР Көлік және коммуникация министрлігі
Бағила Мырзабай 20.05.2009, Сұрақ нөмірі:
Министр мырза, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданына қарасты Қаратас, Жұмысшы, Жаңа тұрмыс, Жаңа базар, Жылы бұлақ, Қызыл ата ауылдарына қатынайтын тас жолдардың жағдайы адам айтқысыз. Жауын-шашынды күндері көлікпен жүру мүмкін емес. Ауыл арасындағы жолдарды жөндеу қашан қолға алынады. Бұл мәселені сіздер бақылай аласыздар ма?
Администратор 22.05.2009
Сәлеметсіз бе, Бағила! Сіз атаған елді мекендердің арасындағы көлік қатынастары облыстық маңызы бар КХ-29 Шарапхан – Жаңабазар – Қаратас және Көкбел елді мекендеріне кіреберіс арқылы 1 Мамыр автожолы құрамында және «Автомобиль жолдары туралы» ҚР Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігіне қарайды, облыстық бюджет есебінен қаржыландырылады. Жоғарыда көрсетілген елді мекендерге кіреберістерді алғанда жолдың ұзақтығы 75 км құрайды. Облыстық әкімдіктің мәліметтеріне сәйкес, ағымдағы жылы Қаратас және Көкбел елді мекендеріне кіреберістермен қоса жоғарыда көрсетілген барлық елді мекендер орналасқан осы жолдың 46 км-де орташа жөндеу жұмыстарын өткізу көзделген. Сонымен қатар, 2009 жылдың жоспарымен осы жолдың құрамына енетін ұзақтығы 16 км Жігерген ауылы, Қаратас және Көкбел елді мекендеріне кіреберіс жолдарды күрделі жөндеуден өткізу көзделген. Қазіргі уақытта мердігер анықталып, жөндеу жұмыстарын орындауға кірісті. Әкімдік жолдың қалған учаскелеріндегі жөндеуді өткізуді келесі жылдары қарастыратын болады. Оған дейін техникалық жай-күйі ағымдағы жөндеу арқылы күтіп ұсталады.