Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы

Қызылорда облысы әкімшілігі Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 8 мауысымда жарияланады.

  • Сұрақтар: 27
  • Жауаптар: 24
  • 08.06.2009
  • 11.06.2009
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Рауан Алдабергенов 10.06.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Жаңақорған ауданы, Сунақата ауылдық округіндегі №194 мектеп қазіргі таңда авариялық жағдайда. Осыған байланысты жаңа мектептің құрылысын салу қажет.

Администратор 11.06.2009

Бұл мәселе маған бұрыннан таныс. 2008 жылы Сунақата елді мекенінен жаңа мектептің жобалық сметалық құжаттары дайындалып (780 млн теңге), мемлекеттік сараптамадан өткен болатын. Тиісті құжаттар Білім және Ғылым Министрлігіне жіберілді. Жаңа мектеп құрылысына қажетті қаражат бөлінген жағдайда, келесі жылы бұл мәселе өз шешімін табады.