Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы

Қызылорда облысы әкімшілігі Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 8 мауысымда жарияланады.

  • Сұрақтар: 27
  • Жауаптар: 24
  • 08.06.2009
  • 11.06.2009
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Раушан Базарбай 10.06.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

«Бейнеу – Бозой – Шалкар – Самсоновка» магистралдық газ құбыры құрылысының жұмыстары басталғаны белгілі. Аталған жобаға сәйкес Шиелі ауданына газ келе ме? Дүниежүзілік дағдарысқа байланысты бұл жұмыстар тоқтап қалуы мүмкін бе?

Администратор 11.06.2009

«Бейнеу – Бозой – Шалкар – Самсоновка» магистралдық газ құбыры құрылысының жұмыстарына 3 млрд. 685 млн. АҚШ доллары жұмсалады. «Бейнеу – Бозой – Шалкар – Самсоновка» магистралдық газ құбыры оңтүстік облыстарды газбен қамтамасыз ететін болады. Бұл жоба облыс халқының 90 пайызын газбен қамтуға мүмкіндік береді. Осыған сәйкес 2008 жылы облыстық бюджеттен 30,0 млн. теңге қаржы бөлініп, «Қызылорда облысының елді мекендерін кешенді газдандыру Бағдарламасы» әзірленді. Бағдарлама бойынша газдандыру бірнеше кезеңге бөлінеді. Бұл жұмыстар кезең кезеңімен жүзеге асырылып, алдағы уақытта Шиелі ауданы да газбен қамтамасыз етілетін болады. Дүниежүзілік дағдарыс бұл жұмыстардың тоқтап қалуына әсер етпейді.