Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру мәселелеріне арналған Атырау облысы әкімшілігімен Интернет-конференция
Атырау облысының әкімшілігі 2009 жылғы 26 маусымда Мемлекет басшысының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру мәселелеріне арналған Интернет-конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 26 маусымда жарияланады.
- Сұрақтар: 21
- Жауаптар: 21
- 26.06.2009
- 26.06.2009
- Атырау облысы әкімшілігі
Дошымбетова Күнжан 26.06.2009, Сұрақ нөмірі:
Мен, Атырау қаласының Тамбов өткелі 19 үй турғыны зейнеткер батыр ана Дошымбетова Күнжан, 1933 5 наурызда туған медбикелік жұмысында 33жыл, тәрбиешілік мамандықта 7 жыл жетім балалар үйінде қызмет жасадым.10 бала тәрбиелеп өсірдім. телефон 291197. Мен 1984 жылдың сәуір айында үйге мұқтаж болған соң патер алуға арыз беріп, кезекке тұрып едім. Содан бері 25 жыл өтті. Осы жылдың 7 мамырында осы патер мәселесі жөнінде сіздің қабылдауыңызда болдым. Сонда жауабын өзім берем деп едіңіз, содан жауап әлі жоқ.
Администратор 26.06.2009
Сіз қала әкімінің атына алғаш 2006 жылдың 22 мамырында 1984 жылдың 5 сәуірінен бастап тұрғын үй кезегінде тұрғандығыңыз жөнінде арызданғансыз. Сол жылдың 3 қазанында тапсырған құжаттарыңыз негізінде (1990 жылғы 14 наурыздағы қалалық атқару комитетінің тұрғын үй бөлімінің №06-206 анықтамасы) 1984 жылдың 5 сәуірінен бастап қайта кезекке алдыңыз, кезек саныңыз №6 болды. Бүгінгі күні балаларыңыз барлығы өз алдына жанұя құрған. Тамбовский өткелі, 19 үй 1973 жылғы балаңыз Самбетов Ертазаның жеке меншігінде, үй 1994 жылы салынған, жалпы алаңы 120,20 шаршы метрді құрайтын төрт бөлмеден тұрады. Тұрғын үй кітапшасында немерелеріңізбен қоса 15 адам тіркелгенімен, оның ішінде төменгі балаларыңыз, яғни: 1. 1956 ж.т. баласы, Самбетов Райымбердінің жеке меншігінде Тамбов өткелі, 16а мекен жайында орналасқан 2005 жылы салынған жаңа үйі бар. 2. 1958 ж.т. баласы, Самбетов Мәліктің жеке меншігінде Досымов, 171 мекен жайында орналасқан тұрғын үйі бар. 3. 1965 ж.т. баласы, Самбетов Оңдасының жеке меншігінде Жұмыскер плселкесінде тұрғын үй салуға алынған №159 жер телімі бар. 4. 1967 ж.т. баласы, Самбетов Нұртазаның жолдасы, Сұлтанова Шарипаның жеке меншігінде Құрманғалиев көшесінде орналасқан №101 тұрғын үй салу үшін алынған жер телімі бар екендігі анықталып отыр. Сіз қайта кезекке алынған уақыттан бастап, яғни 2006-2009 жылдар аралығында мемлекет тарапынан тек бір ғана коммуналдық үй тапсырылады. Үй тапсырылғаннан кейінгі кезек саныңыз №4 болды. 2006 жылы пәтер кезегіне қаййта тіркелген соң, «Нұр Отан» ХДП орталық аппаратына, облыс және қала әкімдеріне жазған бірнеше арыздарына толықтай түсініктеме алғансыз. Алайда, бүгінгі күні құрылысы аяқталып, пайдалануға беріліп тұрған тұрғын үй жоқтығына байланысты, өтінішіңіз тек тек мүмкіндік болған жағдайда қанағаттандырылатындығын қатеріңізге береміз. Қазақстан Республикасының «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау» Заңына сәйкес бұдан кейінгі қайталама арыздарыңызға жауап берілмейтіндігін хабарлаймыз.