Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру мәселелеріне арналған Атырау облысы әкімшілігімен Интернет-конференция
Атырау облысының әкімшілігі 2009 жылғы 26 маусымда Мемлекет басшысының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру мәселелеріне арналған Интернет-конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 26 маусымда жарияланады.
- Сұрақтар: 21
- Жауаптар: 21
- 26.06.2009
- 26.06.2009
- Атырау облысы әкімшілігі
Имангалиева Юля 26.06.2009, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Бергей Сәулебайұлы! Сіздің облысымыздағы қала тұрғындарының тұрмыс-жағдайын көтерудегі, қаламызды көркейтудегі тыңғылықты зор еңбектеріңізге ризашылығымды білдіремін. Мен осы қала тұрғыны Имангалиева Юля 1961 жылғы, үш баланың анасымын. Жолдасым 2007 жылы қайтыс болып, Оралдан Атырау қаласына қайта көшіп келдім. Жұмысқа орналасу үшін, сіңлімнің үйінде тіркеуге отырдым. "Сәбилер үйінде" қызметтемін. Қазіргі таңда ағайынымыздың үйінде уақытша тұрып жатырмыз, тұрақты баспанамыз жоқ. Үй иесі кез-келген уақытта үйді қайтарып алуы мүмкін. Осы жағдайымды ескере отырып, сіздің тарапыңыздан қандай көмек көрсете аласыз?
Администратор 26.06.2009
ҚР-ның «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңымен азаматтарды тұрғын үй кезегіне тіркеу және олардың тұрғын үйге мұқтаждығын анықтау тәртібі белгіленген. Аталған Заңының 67, 69 баптарына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй тұрғын үйге мұқтаж, осы елді мекенде тұрақты тұратын (тұру мерзіміне қарамастан) және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз топтарына жататын, сонымен қатар тұрғын үйге мұқтаж деп танылған мемлекеттік, бюджеттік мекеме, әскери және сайланбалы мемлекеттік лауазымдағы ҚР-ның аумағында жеке меншігінде тұрғын үйі жоқ қызметкерлерге пайдаланылуына беріледі. Жоғардағыны қатеріңізге бере отырып, Сіздің тұрғын үйге мұқтаждығыңызды анықтау үшін тұрғын үй секторының мамандарына төмендегі құжаттарды тапсыруыңыз қажет: - кәмелетке толған жанұя мүшелеріне Атырау облысы бойынша Әділет Департаментінен Ф-1 үлгідегі (жылжымайтын мүлік тіркелген/тіркелмегені жөніндегі) анықтама; - қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен (горсобес) аз қамтылған отбасы екендігін дәлелдейтін анықтама; - тұрақты мекен-жайы туралы мағлұмат (тұрғындарды тіркеу кітабының, үй жоспарының және жекешелендіру шартының көшірмелері); - отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің көшірмелері. Қосымша анықтамалар қажет болған жағдайда 254462 телефонына немесе дүйсенбі, сейсенбі күндері Азаттық даңғылы 101«а» (1-қабат, 3 бөлме) ғимаратында орналасқан тұрғын үй бөліміне хабарласуыңызға болады.