Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру мәселелеріне арналған Атырау облысы әкімшілігімен Интернет-конференция

Атырау облысының әкімшілігі 2009 жылғы 26 маусымда Мемлекет басшысының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру мәселелеріне арналған Интернет-конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 26 маусымда жарияланады.

  • Сұрақтар: 21
  • Жауаптар: 21
  • 26.06.2009
  • 26.06.2009
  • Атырау облысы әкімшілігі

Кадыргалиев Алмаз 26.06.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Бергей Сәулебайұлы! Біз Қадырғалиев Алмаз Талғатұлы 1989 жылы туғанмын және қарындасым Сатыбалдиева Светлана 1990 жылы туған. Анамыз Сатыбалдиева Роза Бақтиярқызы 2009 жылы 10-шы мамырда қайтыс болды. Әкеміз Қадырғалиев Талғат (менің әкем, әке тану куәлігі бар), (Светлананың әкесі емес, форма № 4 анықтамасы бар) 1990 жылдан бері біздің тәрбиемізбен айналыспаған, біздің кішкентай кезімізде басқа жанұя құрып кеткен. Бізді анамыз жалғыз өсірді. Әке жағынан ешқандайда көмек болған емес. Анамыз Сатыбалдиева Роза Бақтиярқызымен заңды некеде отырмаған, азаматтық некеде болған. Қазіргі кезде анамыз қайтыс болғаннан кейін, басымызға қайғы түсіп, қиын уақытты кешудеміз. Анамыз, 2003 жылдары жұмыста (балабақшада, бала күтушісі болып жасады) жүріп, қан қысымының жоғарлауына байланысты құлап, инсульт соғып, 2 аяғы мен оң қолы жұмыс жасамай (өз еркімен тұра алмады, жүре алмады) І – топ мүгедегі болып төсек тартып қалды, сол кезден бастап анамызды бағып қарындасым тек қана 9- шы сыныпты бітірді.Өзім 11 сынып бітірдім, оқуға түсіп білім алғымыз келгенмен, білім алуға жағдайларымыз келмеді, себебі І – топ мүгедегі төсек тартып жатқан аналарымыздың зейнетақысынан басқа табыс көзі жоқ болатын. 2009 жылы, 8-ші мамырда анамыз екінші рет қан қысымы көтеріліп инсульт 2-ші рет соғып, 2 тәулік реанимация бөлімінде жатып, (40 жасында)10 - шы мамырда қайтыс болды. Еңбекке араласқымыз келгенмен, тұрақты жұмыс таба алмадым, әр жерде қара жұмысшы болып жұмыс жасадым, кірген жерлерім дұрыс еңбек ақысын төлемейді немесе қысқартуға түсіріп тастап жүрді, қарындасым 2008 жылы облыс әкімі аппаратының шаруашылық басқармасында (жиналысқа залды дайындау) аздаған уақыт қызмет жасады, бірақ күні бойы анамызды үйге жалғыз өзін кілтке жауып кету қиынға соққасын, жұмыстан өз еркімен шығып анасын бағумен кері айналысты. Қазіргі кезде анамыз қайтыс болғаннан кейін, басымызға қайғы түсіп, қиын уақытты кешудеміз. Осындай қиын кезде жанымызда көмектесетін адам болмағасын Сізден сұрайтынымыз бізді ең қиын күндерден шығып, әрі қарай жетіліп кетуімізге көмек беруіңізді сұраймыз, қарындасым Светлананы колледжге оқуға түсіруге (өте оқуға түскісі келеді) және мені жұмысқа орналастыруға көмектесуіңізді сұраймыз. Жұмыстың жоқтығынан күнделікті нан, шайымызға қаражат қайдан табатынымызды білмей сенделіп жүрміз. Біздер үшін жұмысқа орналасу өте қиынға соғып тұр. Қарындасым Светлана жоғарыда жазғандай бұрын жұмыс жасаған облыс әкімі аппаратының шаруашылық басқармасында (жиналысқа залды дайындау) жасаған орнына қайта барғысы келгенмен, күні бүгін ол жерде басқа кісі жасап жүр деп, жұмысқа алмай қойды. Сіздің жетім жесірлерге, мүгедектерге, жалғыз бастыларға беріп жатқан көмектеріңіз бен жақсылықтарыңызды бүкіл Атырау облыс халықына айдан анық. Халықтың әлеуметтік жағдайларын көтеру үшін жасап жатқан еңбектеріңізде шек жоқ. Осының бәрін біле және естей отырып, Сізден бізде, үміттене көмек күтеміз және өтінішіміз қараусыз қалмайды деп сенеміз. Қадырғалиев А. Т. 23 мамыр 2009 жыл.

Администратор 26.06.2009

Алмаз! Сізге облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына төмендегідей құжаттарыңызбен жолығуыңыз керек: - Жеке куәлік; - Салық төлеушінің нөмері (РНН); - Әлеуметтік жеке код (СИК); - Диплом - Үй кітапшасы (Домовая книга). Мекен-жайы: Атырау қаласы Азаттық даңғылы 31 «а» Байланыс телефондары: 32-46-22, 35-41-59