Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру мәселелеріне арналған Атырау облысы әкімшілігімен Интернет-конференция
Атырау облысының әкімшілігі 2009 жылғы 26 маусымда Мемлекет басшысының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру мәселелеріне арналған Интернет-конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 26 маусымда жарияланады.
- Сұрақтар: 21
- Жауаптар: 21
- 26.06.2009
- 26.06.2009
- Атырау облысы әкімшілігі
Серик 26.06.2009, Сұрақ нөмірі:
«Жол картасы» - дағдарыс кезінде адамдарды жұмыссыз қалдырмау үшін жасалған нәрсе екені түсінікті. Бірақ Атыраудың жұмыссыз қазағы қара жұмысқа барғысы келмейді. Көретініміз – гастарбайтерлер. Неге?
Администратор 26.06.2009
Жол картасы бойынша Атырау облысында 46 инвестициялық жобаларда 10148 жаңа жұмыс орындарының құрылуы, нысаналы топтарға жататын (мүгедектер, жастар, аз қамтылған азаматтар) тұлғаларға 1570 әлеуметтік жұмыс орындарын және 882 жас мамандарды Жастар тәжірибесімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бүгінгі күні осы жобаларға 7426 Атырау облысының тұрғындары жұмысқа орналастырылды. Толық мәліметпен арнайы ашылған dorkarta.enbek.gov.kz сайтынан таныса аласыздар.