ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ON-LINE КЕҢЕСІ
Құрметті порталға кірушілер! 2009 жылдың 16 ақпанынан бастап Біз сіздерге «On-line кеңес» жаңа сервисін ұсынудамыз. Сіз кез келген мемлекеттік органға мына мәселелер бойынша: • Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру, • Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдерді түсіндіру, • Қандайда бір жағдай жөніндегі лауазымды тұлға әрекетінің құқықтылығы жөніндегі сұрақтармен қоса басқа да сұрақтарды қоя аласыз. Сұрақтарыңызды барынша қысқа да нұсқа тұжырымдауыңызды сұраймыз, ол кеңесшінің сұрағыңызға дер кезінде жауап беруіне ықпал етеді. Сервисті пайдалану үшін келісімді қабылдап, кеңес алатын мемлекеттік органды тізімнен таңдап, сұрақ қою үлгісін толтыруыңыз қажет. Сіз «Сұрақ мәртебесі» бөлімінде Сұрағыңыз қабылданды ма, жоқ па және мемлекеттік органдардың жауаптарымен таныса аласыз.
- Сұрақтар: 1531
- Жауаптар: 45
- 16.02.2009
- 31.12.2010
- ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі
Tau Syrymbek 20.06.2009, Сұрақ нөмірі:
Men Tau uly Syrymbek.
mongoliadan 25 jyl boiy jinap akelgen ahshamdy Khairat Bodaukhan uly men Tileukhan Khadylhan ulyna airylyp kalyp ala almai jurmin olar 2007 jyly magan jer beremiz dep algan edi endi jerde ahshada joh akem sheshem jane 2 karyndasym dalada kaldyh ahsha 5600000 tenge bolgan edi osygan amal shara holdanyp berudrinizdi suraimyn
Администратор 20.02.2010
Құрметті сайтқа кіруші! Сіздің сұрағыңызға жауап дайындау мүмкін емес болып тұр. Қажет ақпаратты алу үшін Сізден сұранымыңызды қайта жіберуді, онда істің мән жайын толық көрсетуді, қай мемлекеттік органның (толық атауы) немесе лауазымды тұлғаның (аты-жөні) әрекетімен келіспейтініңізді жазуды сұраймыз. Болмаса прокуратура органдарына жазбаша түрде не байланыс ұйымдары арқылы хатыңызды жіберіңіз.