Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурызғы «Дағдарыс арқылы жаңару мен даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру барысы және түсіндіру бойынша Ақтөбе облысының әкімінем өткізілетін интернет-конференция

Ақтөбе облысының әкімшілігі 2009 жылғы 30 мамырда Мемлекет басшысының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру мәселелеріне арналған Интернет-конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылдың 1 маусымында жарияланады

  • Сұрақтар: 10
  • Жауаптар: 10
  • 30.05.2009
  • 01.06.2009
  • Акимат Актюбинской области

Карсыбаева Гульзабира Каукеновна 30.05.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Қазақ тілін үйрету және өзге ұлт өкілдеріне өз ана тілін үйрету жұмыстары қаншалықты жүзеге асып жатыр?

Администратор 01.06.2009

2007 жылғы 12 қаңтардағы облыс әкімдігінің №6 қаулысымен тілдерді дамыту жөніндегі облыстық басқарма жанынан «Тілдерді оқыту жөніндегі орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны құрылды. Орталықта мемлекеттік қызметшілер үшін оқыту ақысыз жүргізіледі. Қазіргі таңда 3 деңгейлік курстардағы 626 тыңдаушының 78 пайызы мемлекеттік қызметшілер, 39 пайызы өзге ұлт өкілдері. Орталықтағы 6 мультимедиялық кабинет, ұйымдастыру техникасымен, электрондық оқулықтар және оқыту бағдарламаларымен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, облыстағы 7 ұлттық-мәдени орталықтар жанындағы құрылған жексенбілік мектептерде өздерінің ана тілдері – украин, неміс, поляк, татар, корей, азербайжан, орыс тілдерімен қатар мемлекеттік тілді де үйрету қолға алынды.